Қытай әлемде алғаш болып теңіз бетіне жел турбинасын орнатты

10:36, 11 ақпан 2026

© Сурет: CMG

Қытайдың "Үш шатқал" (China Three Gorges) корпорациясы қуаты 20 мегаватт болатын әлемдегі алғашқы теңіз жел турбинасын пайдалануға бергенін мәлімдеді. Қондырғы Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясы жағалауынан ашық теңіздегі электр желісіне қосылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

CGTN дерегінше, бұл – Қытайда ашық теңізде орнатылған осындай қуаттағы алғашқы жел қондырғысы.

Турбина жағалаудан 30 шақырымнан астам қашықтықта, теңіз тереңдігі 40 метрден асатын аймақта орнатылған. Оның мұнарасының биіктігі 174 метрге жетеді, бұл шамамен 58 қабатты ғимараттың биіктігіне тең.

Роторының диаметрі 300 метр, ал айналу аумағы 10 стандартты футбол алаңының көлемімен шамалас.

Қалыпты жұмыс режимінде турбина жылына 80 миллион киловатт-сағаттан астам электр энергиясын өндіре алады. Бұл шамамен 44 мың үй шаруашылығының бір жылдық электр қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Сонымен қатар, қондырғы жыл сайын шамамен 22 мың тонна көмірді алмастыра алады, бұл қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды шектеу жөніндегі негізгі келісімнің мерзімі аяқталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!