Итальян спортшысы алты қысқы Олимпиадада қатарынан алтын алған алғашқы әйел атанды
© Сурет: Instagram/aryfonta90
Үш дүркін Олимпиада чемпионы, 35 жастағы италиялық шорт-трекші Арианна Фонтана қысқы Олимпиада ойындарында алты рет қатарынан жүлде жеңіп алған тарихтағы алғашқы әйел спортшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Чемпионат" басылымының мәліметінше, 10 ақпанда Фонтана Италия құрамасы сапында аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды.
Арианна Фонтана – 35 жаста. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының 17 медалі (оның ішінде бір алтын) және Еуропа чемпионаттарының 45 жүлдесі (соның 25-і алтын) бар.
Осылайша, Фонтананың Олимпиада ойындарындағы жалпы жүлде саны 12-ге жетті:
- 2006 жыл (Турин) – қола
- 2010 жыл (Ванкувер) – қола
- 2014 жыл (Сочи) – күміс және екі қола
- 2018 жыл (Пхёнчхан) – алтын, күміс және қола
- 2022 жыл (Бейжің) – алтын және екі күміс
- 2026 жыл (Милан) – алтын
Сонымен қатар Фонтана 500 метр қашықтықтағы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, алдағы жарыстарда өнер көрсетуін жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:05, 11 ақпан 2026
Қарағанды облысында браконьерлерден 134 келі балық тәркіленді
-
12:58, 11 ақпан 2026
Атырауда бес жыл бұрын салынған үйлер апатты деп танылды
-
12:46, 11 ақпан 2026
Алматыда газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады
-
12:34, 11 ақпан 2026
Жанармай бағасын өсіруге мораторийді алып тастау мәселесі қаралмайды – Энергетика министрлігі
-
12:23, 11 ақпан 2026
Алматыда полиция қызметкерлері адам ұрлау әрекетін тоқтатты





