Қырғызстаннан келетін өнімнен қауіпті зиянкестер табылды

08:19, 20 қазан 2017

Жамбыл облысында 100 тоннаға жуық жүк Қырғыз еліне кері қайтарылды.

Мамандар көрші елден келген бұл тауарлардың фитосанитарлық талапқа сай келмейтіндігін анықтады.Тіпті кейбір дақылдардан Қазақстан аумағында мүлдем кездеспейтін қауіпті зиянкестерді тапқан. Зертханалық тексеру жүзім мен анардан дрозофила және шығыс ақ ұнтақ сымыры деп аталатын жәндіктерді анықтап берді. Инспекторлар қазақ-қырғыз шекарасынан бір тәулік ішінде заңбұзушылыққа жол берген осындай 8 көлікті ұстады. Нәтижесінде 44 тонна картоп, 34 тонна жүзім мен 5 жарым тонна алманы кері қайтарды. Жалпы жыл басынан бері 83 дерек тіркелген. 

Нұрби Жігітеков, Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық инспекция басшысы:

– Заңбұзушылықтар Қырғызстан Республикасынан тоқтамай отыр. Сондықтан біз жұмысты күшейтіп отырмыз. Қырғыз елінен ауылшаруашылық өніміне зиян келтіретін заттар анықталып жатыр. Біздің аймаққа мұндай өнімдерді кіргізбеу үшін осындай жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!