Қырғызстанмен шекарада электрондық кезекті енгізу жоспарлануда
© Сурет: gov.kz
Қаржы министрлігі ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу қағидаларына, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып толықтырулар жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаны қабылдаудың мақсаты Қырғыз Республикасымен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін кеңейту болып табылады., делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасы арқылы келесі автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу жоспарлануда:
- Жамбыл облысында: Айша-бибі, Ауқатты, Қарасу, Қордай, Сарытөбе, Сыпатай Батыр;
- Алматы облысында: Кеген.
Жоба Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың төрағалығымен 2023 жылғы 13 наурыздағы Қытай Халық Республикасынан жүктерді жеткізу мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Жоба 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 26 желтоқсан 2024
Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады
-
22:24, 26 желтоқсан 2024
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
-
22:20, 26 желтоқсан 2024
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
22:12, 26 желтоқсан 2024
«Қар, көктайғақ, тұман». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:38, 26 желтоқсан 2024
ШҚО-да халықаралық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі көліктердің кейбір түрі үшін жабылды