Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына ІІМ-нің қосымша жасағы жіберіледі

17:52, 3 желтоқсан 2022

© Сурет: telegram/news24kg

Қырғызстандықтар мен тәжікстандықтар арасында орын алған жанжалдан кейін қырғыз тарапы оқиға орнына ІІМ-нің қосымша жасағын жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg хабарлауынша, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметінің өкілдері Баткен ауданының Дахма аймағында кездескен.

Тараптар келіссөздер барысында Қырғызстан мен Тәжікстан тұрғындары арасындағы жанжалдың егжей-тегжейін зерттеді.

"Төбелес фактісін ІІМ аумақтық органдары зерттеп жатыр. Бұған қоса, аталған учаскеге ІІМ-нің қосымша жасақтары жіберіледі. Тараптар шекараның бірлесіп күзетілетін учаскесіндегі жағдайдың ушығуына жол бермеуге уағдаласты"Қырғыз Республикасының шекара қызметі

Оқыс оқиға 3 желтоқсанда түске таман болды. Екі елдің азаматтары өзара сөзге келіп қалған. Бәйәдеп сөздерден кейін қос тарап бір-біріне тас лақтырған. Салдарынан тәжікстандық азаматтың басы мен құлағы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!