Қымбат сатып алу қайғылы аяқталды: суперяхта төрт күннен кейін өртенді
© Сурет: pixabay
Сардиния жағалауында құны 8 млн еуродан асатын (4,29 млрд теңге) 30 метрлік Angiola II суперяхтасы жаңа иесіне тапсырылғаннан кейін төрт күн өткен соң өртеніп, суға батты. Оның бортында 14 адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы италиялық II Messaggero газеті жазды.
Оқиға Сардиния аралындағы Порто-Черво курорттық қаласының маңында болған. 30 метрлік Angiola II яхтасы Каппучини аралы мен Капо-Ферро мүйісі арасындағы Коста-Смеральда жағалауындағы теңізге батқан.
Бортында 14 жолаушы мен экипаж мүшесі болған кезде кемеде өрт шыққан. Барлық адам құтқарылды, зардап шеккендер жоқ.
Басылымның мәліметінше, Angiola II оқиғадан төрт күн бұрын жаңа иесіне тапсырылған. Яхтаның құны шамамен 8 млн еуроны (4,29 млрд теңге) құраған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қозғалтқыштағы ақаудан басталып, өртке ұласқан. Кейін яхтаға су кіріп, кеме бір бүйіріне қисайып, ақыры суға кеткен.
Қазір италиялық жағалау күзеті өрт пен яхтаның суға батуының нақты себептерін анықтап жатыр. Кемені теңіз түбінен көтеру үшін шамамен 200–220 тонналық понтон қолдану жоспарлануда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:33, 4 қыркүйек 2026
Зейнетақы ақшалары жеке басқарушы компанияларға табысталады. Оларды кім таңдайды?
-
18:15, 4 қыркүйек 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
17:58, 4 қыркүйек 2026
Цифрлық теңге қандай жағдайда бөлшек саудада қолданылуы мүмкін - Ұлттық банк басшысының жауабы
-
17:42, 4 қыркүйек 2026
Ұлттық қордан алынбақ 5 трлн теңге балаларға төленетін төлем көлеміне кері әсер етіп жүрмей ме
-
17:33, 4 қыркүйек 2026
Базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі: енді несие пайыздары арзандайды ма?





