Күніне 8 сағат жұмыс істеп, айлыққа қарап отырған дұрыс па

17:16, 29 шілде 2021

© Сурет: видеодан кадр

Бизнес пе әлде тұрақты жұмыс па? Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы мүмкіндік болса, жұмысын тастап өз ісімен айналысуды армандайды екен. Ал өзгелері тіпті шетелде жүріп, саяхаттауды ойласа, қалғаны 24 сағат отбасымен бірге болуды құп санайды. Ал сіздің таңдауыңыз қандай? Күніне офисте 8 сағат жұмыс істеп, бір айлыққа байланған дұрыс па?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Қазақстандық GorodRabot.kz мекемесі түрлі салады жұмыс істейін 1000 адам арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде отандастарымыздың 26% өзінің бизнесін дөңгелеткісі келетінін жеткізген. Бірақ, тұрақты еңбекақыдан да бас тарқысы жоқ. Ал сауалнамаға қатысқандардың 20% өмір бойы өзінің сүйікті ісімен айналысуға бекініп отыр. Қалған 20% тұрақты пассивті табысы болса ғана әлемді шарлап, саяхаттайтынын айтқан. 16% тәулігіне 24 сағатын отбасына арнап, бала тәрбиесіне көңіл бөлгім келеді депті. Ал 18% сұраққа жауап беруге қиналған.

Әлемде дендеген пандемия еңбек нарығына да бірқатар өзгерістер енгізді. Оффлайннан онлайнға ауысқан қызметкерлер, қашықтан жұмыс істеуге дағдыланды.

Ал жаңа заманның жастары тіпті офисте отырып жұмыс істегенді құп санамайды дейді мамандар.

Бөгенбай Серікбай, кәсіпкер:

Қазіргі балалар бір ерекшелігі офисте жұмыс істемейді. Аусторсқа үйде отырып, еркін графикке ыңғайланған, психикасы, ұстауы. Мамандар, видеографтар трендте. Соны меңгеріп жақсы табыс табуға болады. Өзінің сүйікті ісінен кәсіп бастаған дұрыс, ақша үшін кәсіп бастау дұрыс емес.

Айша Құрманғали:

Әлі күнге шейін бізде мәдениет қалыптаспаған өзіміздің ісімізге байланысты. Біз тек ақшаның артынан жүріп, өзіміздің көңіліміз қалаған істі екінші орынға қоямыз. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда ол жұмыстан рахат алған кезде тек ақшаны қумай елге пайда тинізуге тырысқан кезде, сол салада жетістікке жетіп, көбірек табыс табады екен да.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке жүгінсек, 2021 жылдың І тоқсанында 1 қызметкердің орташа айлық жалақысы – 230 829 теңгені құрады. Ал өңірлердегі ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелген. Шамамен 405 мыңнан асады. Ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұл аймақта бір қызметкердің орташа айлығы - 166 мың теңгеден сәл асады. Нақтырақ айтсақ, жалақы еліміз бойынша орташа деңгейден 27,8%-ға төмен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!