Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
© Фото: pxhere
Елімізде күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады. Зардап шегушілердің басым бөлігін әйелдер мен балалар құрайды. Тек өткен жылы ғана бұралқы иттер шамамен 42 мың адамға шабуыл жасап, олардың 90 пайызы түрлі жарақат алып, ұзақ уақыт ем қабылдаған.
Осыған байланысты депутаттар халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, заңнамаға өзгерістер енгізуді қолға алды. Жаңа құжат азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және қаңғыбас жануарлар мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған, деп жазады qazaqstan.tv.
Мамандардың айтуынша, қолданыстағы заң өз тиімділігін толық көрсете алмады. Себебі ұсталған бұралқы иттер белгілі бір уақыттан кейін қайтадан еркіндікке жіберіледі. Ал бұл жағдай олардың адамдарға қайта шабуыл жасауына әкеліп отыр.
Иесіз жануарларды аулап, панажайларда уақытша ұстауға мемлекет қомақты қаржы бөлуде. Мәселен, 2022 жылы бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге, ал 2025 жылы 3 млрд теңге қарастырылған. Алайда қолданыстағы заңға сәйкес, бұралқы иттердің көзін жоюға тыйым салынған.
Шығыс Қазақстан облысында ғана соңғы үш айда 130 адамды ит қапқан. Қазір өңірде бұралқы жануарларды уақытша ұстайтын 11 панажай жұмыс істейді. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жергілікті әкімдіктердің құзырына берілген.
Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Сәуле Дәулетқызының айтуынша, бұған дейін бұл қызмет жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.
"Наурыз айына дейін келісімшарт негізінде жұмыс істелді. Осы уақыт аралығында 250 ит ауланды. Ал 1 наурыздан бастап бұл жұмыспен тікелей жергілікті әкімдіктер айналысып жатыр", – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:06, 22 сәуір 2026
Депутат дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесін өзгертуді ұсынды
-
16:55, 22 сәуір 2026
Қазақстанда 300 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж
-
16:41, 22 сәуір 2026
Тоқаев Грузия президентімен кездесті: сауда мен транзитке басымдық берілді
-
16:36, 22 сәуір 2026
Ұлытау облысында 7 мың гектар жер заңсыз пайдаланылған
-
16:23, 22 сәуір 2026
Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету бойынша келіссөздерді қашан аяқтайды





