Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету бойынша келіссөздерді қашан аяқтайды
© Фото: Zakon.kz
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету келіссөздерінің қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, әңгіме қазақстандықтарды Шенген визасынан толық босату туралы емес, оны алу рәсімін жеңілдету жайында болып отыр.
"Бұл үдеріс екі бөліктен тұрады. Біріншісі – визаны жеңілдету туралы келісім, екіншісі – реадмиссия туралы келісім. Еуропалық тарап бұл екі құжатты қатар әзірлеуді жоспарлап отыр. Кейін оларды бірге ратификацияға ұсынамыз", – деді Әлібек Бақаев.
Вице-министрдің айтуынша, келіссөздерді 2026 жылдың екінші жартысында аяқтау көзделіп отыр.
Құжаттарға қол қойылғаннан кейін оларды ратификациялау кезеңі басталады. Қазақстан тарапынан бұл рәсім Парламентте өтсе, Еуропалық одақта келісімдерді Еуропарламент пен барлық мүше мемлекеттер бекітуі қажет.
Нәтижесінде қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу талаптары нақты регламенттеліп, құжат жинау жеңілдейді. Сондай-ақ көп мәртелік визалар беру және визаның құнын төмендету мәселелері де қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визаны жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша алғашқы ресми келіссөздер 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде өткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 22 сәуір 2026
Неге мұғалімдер мектеп директоры болғысы келмейді – депутат түсіндіріп берді
-
17:40, 22 сәуір 2026
Астанада жаңа көше құрылысына байланысты 1 қыркүйекке дейін қозғалыс шектеледі
-
17:26, 22 сәуір 2026
Прокурор блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеноваға 4 жылға дейін жаза сұрады
-
17:26, 22 сәуір 2026
Прокурор блогер жұп Жанәбілов пен Төлегеноваға жаза сұрады
-
17:06, 22 сәуір 2026
Депутат дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесін өзгертуді ұсынды





