Құмар ойындарына қатысудан қалай бас тартуға болады

11:57, 15 қазан 2024

© Фото: unsplash

Туризм және спорт министрі 2024 жылғы 10 қазандағы бұйрықпен құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуға шектелген адамдарды тізімге енгізу, сондай-ақ тізімді жүргізу туралы өтініш беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеге сәйкес, жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.

Өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу үшін жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша өтініші уәкілетті органға нысан бойынша "е-Otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы немесе "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта беріледі.

Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылады.

Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.

Құмар ойындарға, бәс тігуге, салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық ауыр жағдайға ұшыратқан азамат, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіп бойынша сотпен әрекет қабілетінен шектеледі. Оған қамқоршылық белгіленеді. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.

Уәкілетті орган жазбаша өтініш тіркелген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Электрондық форматта өтініш берген кезде азамат тиісті өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойғаннан кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне мәлімделген шектеу мерзіміне дереу енгізіледі.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

  • толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсету;
  • жақын туысы, отбасы мүшесі өтініш берген кезде азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімінің көшірмесінің болмауы;
  • құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу мерзімі көрсетілмеген;
  • жақын туыстары, отбасы мүшелері болып табылмайтын үшінші тұлғалар өтініш берген жағдайда.

Осы тармақта белгіленген негіздер болған кезде уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны осы қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жібереді.

Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізу тәртібі

Уәкілетті орган Заңның 8-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізеді.

Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы тек ойын бизнесін ұйымдастырушыларға, сондай-ақ Заңның 15-1-бабында көзделген өзге де тұлғаларға ғана қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілген тұлғаны тізімнен алып тастайды.

Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілген тұлға, азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуді жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органмен тізімнен шығарылады.

Бұйрық 2024 жылғы 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!