Құлсарыда екі бала бесінші қабаттың балконында қамалып қалып кеткен
© Сурет: Zakon.kz
Құлсары қаласында полицейлер бесінші қабаттың балконында қамалып қалып кеткен балаларды құтқарды. Олардың бірі төрт жаста, екіншісі алты жаста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген. Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды.
"Полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған. Полиция капитаны Дархан Әжіғұлов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген
-
11:47, 18 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
-
11:21, 18 желтоқсан 2025
Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды
-
11:17, 18 желтоқсан 2025
Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы дүниеге келісімен шетінеп кетті - босандырған әйел қамауға алынды





