Құланда кәсіпкерлердің саны артып келеді

17:33, 13 желтоқсан 2019

Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандардың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жұртшылыққа таныту мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды тапсырған еді.

Осы мақсатта Тұрар Рысқұлов ауданында кәсібін бастап, нәсібін тауып отырған азаматтардың қатары артып келеді. Әсіресе, іс бастаған жастардың саны көп. Олар мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қазір табысқа кенелуде. Мәселен, аудан тұрғыны Нұрлан Қауымбаевтың ашқан сауда орталығы. Ішінде тұрғындар үшін қажеттінің бәрі бар.

Ірі сауда нысандарынан кем емес. Жұртшылық қалағанын таңдап, саудасын жасай алады. Бағасы тұрақты әрі қатаң бақылауда. Жеке кәсіпкер Н.Қауымбаев ғимаратты жаңа жылдың алдында сатып алыпты. Күрделі жөндеуден өткізіп, бірінші қабатында азық-түлік бөлімі, ал екінші қабатында кеңсе тауарлары, шаруашылық заттарын орналастырылыпты. Саудадағы заттардың бағасы жүйелі. Ал жергілікті тұрғындар базарға сабылмай, "сауда үйінен барлығын таба аламыз", - деп ризашылығын білдіруде.

Аудан тұрғыны Алтын Әкешқызы: – Біз өте ырзамыз. Себебі, сауда орталығы нағыз қаладағыдай. Біз ойымыздағыны аламыз, ойымыздағыны табамыз. Мен мына Қаракемерден келдім. Базарға маған барудың қажеті жоқ. Себебі, базар бағасынан сәл де болса төмен.

Сауда –саттықпен қатар Т.Рысқұлов ауданында кәсіпкерлер қатары көптеп артуда. "Бастау-Бизнес" жобасы аясында несие алып, құс шаруашылығын дамытуға бет бұрған Қ.Тәжиев түйетауық асырап, пайдаға кенеліп отыр.Жас кәсіпкердің бастамасы жаман емес. Бүгінде ауыл азаматының түйетауықтарына жұрт арасында сұраныс артқан.

Кәсіпкер түйетауықтың жұмыртқасын бастырып шығарып, балапандарын 1-2 айдан соң ауылдың тұрғындарына, жастарға саудалауда. Мұнысы өзінің кәсібін басқа да жастар қолына алып, табыс таптса деген ниеті екен. балаларына сатып жатырмын.Әрбір құстың бағасы 1300, 1500 теңгеден. Нарықта сұраныс көп. Өйткені құс еті нағыз таза өнім. Калориясы аз әрі пайдалы. Ал жауапты сала мамандары биылғы жылы кәсіпке бет бұрған ауыл азаматтарының күрт өскенін айтады. Олар шағын және орта бизнеспен айналысуды жөн көріп, мамандардың көмегіне жүгінген.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы аудандық бөлімінің директоры Қ.Өскенбаевтың айтуынша, аудан бойынша "Бастау- бизнес" жобасы бойынша жалпы 224 адам оқып, тиісті сертификатын алған. Оның ішінде 77 азамат 238 млн. теңгеге жеңілдетілген несие және де грант иегері. Ал "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша 70 адам оқуын аяқтаса, оның ішінде 22 азамат 19 млн. теңгеге жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастапты. Осы бағдарламалар аясында грант жеңіп алған Қанат Әбдірайымов табыстың көзін деп мал бордақылау кәсібіне тоқталған. Шаруа қазір кешенде малды әбден семіртіп, баптап, байлау үстінде. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты мол өнім алып, экспортты еңсеру. Азды-көпті мемлекеттің көмегін алып қолдануда. Ауыл шаруашылық техникаларын жаңалап, кәсібін дамыту үшін қолынан келгенінің бәрін жұмыс істеуге тырысып бағуда.

Т.Рысқұлов ауданындағы іс бастаған азаматтардың жұмысы осылайша алға басып келеді. Ең бастысы - олар ауданның жан-жақты дамуы үшін білек сыбана еңбек етуге ниетті. Ал нәтижелі кәсіп бастаймын деген азаматтарға мамандар бағыт-бағдар беріп, қаржылай қолдау көрсетуге дайынбыз деп отыр. Тек тұрғындар ниет білдіріп, ұсыныс берсе болғаны.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!