«Куәгердің көзін жойған». Ақтөбе облысында тарих мұғалімі мен тіс дәрігері 19 жылға сотталды

17:47, 26 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылғы 26 желтоқсанда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тарих пәнінің мұғалімі мен тіс технигіне қатысты үкім шықты. Оларға есірткі әзірледі деген айып ұстазға тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ тіс техникі өлтірген кісі өлімін ұйымдастырды деген айып ұстазға тағылды.

Соттың мәліметінше, олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен 2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында гаражды жалға алып, онда психотроптық заттарды дайындайтын жасырын лаборатория ұйымдастырған. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттар, атап айтқанда "мефедронды" заңсыз дайындаған және сақтаған. Дайындаған психотроптық заттарды өткізу үшін тарих мұғалімі танысына ұсыныс жасаған. Алайда танысы ұсыныстан бас тартқан. 2024 жылғы қаңтарда танысы әкімшілік құқық бұзушылық жасап 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар оның үстінен өткізу мақсатынсыз есірткі сақтау айыбымен қылмыстық іс қозғалған.

Мұны білген тарих пәнінің мұғалімі өзінің әрекеттері әшкере болады деп қорқып, қылмыстарын жасыру мақсатында танысын өлтіруді ұйымдастырып, оны іске асыруды тіс технигіне тапсырған. 13 қаңтарда сағат 17.00 шамасында олар ортақ танысты оңаша жерге алдап ертіп апарып, оны тіс технигі пышақтап өлтірген.

Сотта сотталушылар есірткі зертханасы бойынша айыпты мойындамады, ал кісі өлтіруге қатысты кінәні бір-біріне жапқан.


Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!