КСРО әлі бар, міне - дәлелі! Желідегі ақпарат жұртты таң қалдырды

12:31, 14 маусым 2021

© Сурет: иллюстрация үшін алынды

Желіде КСРО-ның мүлдем ыдырамағаның, жасырын түрде әлі де бар екендігінің "дәлелі" ретіндегі Ресей банкінің сайтының скриншот жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

"01.06.2021 ж. бастап бұрынғы КСРО-ның сауда және несие келісімдері бойынша Ресей Федерациясының шет мемлекеттермен төлем және есеп айырысу қатынастарында қолданылатын рубльге қатысты КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарының ресми бағамдар" деген тақырыптағы Ресей банкі сайтының скриншотын КСРО-ның әлі де бар екендігінің дәлелі ретінде қарастыруға болмайды. КСРО ыдырағаннан кейін бір кездері болған мемлекет шет елдермен қол қойған несиелік келісімдер күшін жоғалтпағандықтан, мұндай валюта бағамдары жарияланады. Қарыздарды қайтару және валюта бағамындағы сәйкессіздіктерді жою үшін Ресей банкі 1992 жылғы 30 қарашада мәлімдеме жасады", делінген бұл фактіге қарсы келтірілген түсініктемеде.

Кеңес Одағының ыдырауы – тарихи факт. Оны РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "КСРО құру туралы шарттың күшін жою туралы" қаулысы және 1991 жылғы Беловеж келісімі растайды.

"Ресей банкі бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік несиелері мен сауда келісімдері бойынша қарыз алушы елдермен төлем-есеп айырысу қатынастары үшін және Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясының ақша жүйесі туралы» Заңының мәтінімен сәйкессіздіктерді жою үшін КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарын рубльге ай сайынғы бағамдауын жалғастыруда, оның деңгейі мен оны белгілеу механизмін сақтайды", делінген мәлімдемеде.

Төрткүл дүние әлемдегі ең үлкен мемлекеттің ыдырауының куәсі болды. Осы оқиғаға, оның алғышарттарына, талдауға арналған мақалаларды көптеген тілдерде оқуға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!