Кроссовер жол жиегіндегі орға аударылып кетті: Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды
© Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі орға аударылған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2 тамыз күні таңертең сағат 09:30 шамасында Науырзым ауданының Қараменді ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, JAC S3 Pro маркалы кроссовердің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі орға аударылған.
Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметтері мен дәрігерлер жеткен. Алайда жолаушылардың бірін аман алып қалу мүмкін болмады – ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы үш жолаушы шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазір полиция жол апатының нақты неден болғанын анықтап жатыр.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деді Zakon.kz тілшісіне Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.
Полиция жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, жылдамдықты сақтауға, көлік жүргізу кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға және Жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауға шақырды.
Бұған дейін Алматыда "тар жолға сыймай қалған" автобус үш көлікті арықтан асырып жібергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 3 тамыз 2026
Пәкістандағы қар көшкінінде қаза тапқан әлемге әйгілі альпинист Нирмал Пурджидің мәйіті табылды
-
12:43, 3 тамыз 2026
Жасанды интеллект дәуірінде жоғары білім қажет пе – Бағдат Мусиннің пікірі
-
12:36, 3 тамыз 2026
Жақында WhatsApp қолданушыларына тиімді функция ұсынылады
-
12:30, 3 тамыз 2026
2025 жылы Қазақстан бойынша 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмысы жүргізілді - Тоқаев
-
12:27, 3 тамыз 2026
Тоқаев жаңа автожолдардың құрылысын 2029 жылға дейін аяқтауды тапсырды





