ҚР СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың «жаппай жұмыстан шығарылуы» жайлы ақпаратқа түсініктеме берді

18:25, 31 наурыз 2023

© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР СІМ "Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүрген азаматтарымызды жаппай жұмыстан босатып жатыр" деген дабыра сөзге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желідегі Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жаппай жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

"Бұл ақпарат әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды, ал осы парақшаны жүргізетін блогер бұл ақпаратты қайдан алғанын түсіндіріп бере алмады. Өкінішке қарай, кейбір қазақстандық БАҚ бұл ақпаратты тексерместен жариялай салған. Бұл ретте көптен СІМ-нің ресми ақпаратына сүйенуді және орынсыз дабыра тудырмауды сұраймыз". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров


24 наурызда екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтті. Олардың біреуін полиция ұстап алды, ал екіншісін тапқан адамдарға 10 млн теңге көлемінде сыйақы жарияланды.

29 наурызда ҚР СІМ ресми түрде екінші қазақстандық корей полициясына өз еркімен берілгенін хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!