Халықаралық БАҚ өкілдері 2025 жылғы әлемнің үздік спортшыларын анықтады
© Сурет: Instagram/mondo_duplantis, AitanaBonmati
Жыл сайынғы дәстүр бойынша планетаның жетекші спорт журналистері әлемнің үздік спортшыларын атады. Дауыс беруге 121 елден 836 журналист қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының (AIPS) мәліметтері бойынша, ерлер арасында бірінші орынды таяқпен биіктіктен секіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы Арман Дюплантис (Швеция) иеленді.
Токиода (Жапония) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында ол өз мансабында 14-рет әлемдік рекордты жаңартты. Журналистердің дауыс беруі барысында "жеңіл атлетика патшасы" 1182 ұпай жинады.
Арманнан кейін испан теннисшісі Карлос Алькарас (784 ұпай) орналасты. Үшінші орында "Алтын доп" иегері, француз футболшысы Усман Дембеле (713) тұр.
Әйелдер арасында әлемнің үздік спортшысы атағына "Алтын доп" иегері, 824 ұпай жинаған испандық футболшы Айтана Бонмати лайық деп танылды.
Кениялық жеңіл атлет Беатрис Чебет (453) екінші орынды иеленсе, ал жүлделі үштікті WTA-ның бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенко (446) түйіндеді.
Күні кеше "Үздік – 2025" қазақстандық спорт сыйлығының жеңімпаздарының есімі жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 31 желтоқсан 2025
«Ласковый май» тобының продюсеріне халықаралық іздеу жарияланды
-
19:55, 31 желтоқсан 2025
Астана-Алматы тас жолы 1 қаңтарға дейін ішінара жабылады
-
19:48, 31 желтоқсан 2025
Астана, Алматы, Шымкент: 2026 жылдың алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамы
-
19:32, 31 желтоқсан 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
-
18:55, 31 желтоқсан 2025
1 қаңтардан бастап ЖСН беру тоқтатылады: Ресейдегі ҚР елшілігі мәлімдеме жасады





