ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

10:20, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов өзінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 1-тармағының және 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі - № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) № 38 БМСДҚ-ның 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

2) № 38 БМСДҚ-ның 12-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді";

3) № 38 БМСДҚ-ға 35-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулының толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!