Қостанайда 16 жастағы қыз жоғалып кетті

16:35, 25 қыркүйек 2018

24 қыркүйек күні Қостанайда 16 жастағы Полина Киселева жоғалып кетті деп жазады Sn.kz.

Полина кешке біреумен сөйлесіп келемін деп жарты сағатқа шығып кеткен. Содан оралмаған.

«15 минуттан кейін шықтым. Жоқ. Сосын телефонына қоңырау шалдым. Өшірулі. Бүгін колледжіне сабаққа да бармапты. Бәріне хабарластым. Полицияға шағым түсірдім», - деген анасы қызын көрген-білгендер болса хабарласуын өтініп отыр.

Қандай бір ақпарат білетіндер 8 702 658 09 88 немесе «102» пультіне хабарласуына болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!