Қостанайда оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан
© Фото: Zakon.kz
Қостанайда 10 сәуір күні сауда үйінде бомба бар деп елді дүрліктірген мектеп оқушысы болып шықты. Сол күні оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет өкілдері, ғимаратты толық тексеріп, ешқандай қауіптің жоқтығына көз жеткізген.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімді көп ұзамай тапқан. Ол істеген ісін мойындап, бұған дейін де ақпан айында мектепте жарылғыш зат бар деп алдағанын растады.
Заң бойынша мұндай қылмыс түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп жазады qazaqstan.tv
"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты." Сәбит Ибраемов, Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 29 сәуір 2025
Жамбыл облысында жасанды интеллект арқылы тұңғыш қазақ ертегісі жасалды
-
17:20, 29 сәуір 2025
Павлодар облысында жастарды бопсалаған екі күдікті ұсталды
-
17:15, 29 сәуір 2025
Қазақстандық сегіз дзюдошы Душанбеде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
-
16:59, 29 сәуір 2025
Оқушылардың көше дәретханасындағы күш көрсетуі: Закиева түсініктеме берді
-
16:45, 29 сәуір 2025
Алматы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін қалай атап өтеді
Танымал жаңалықтар
-
20:44, 28 сәуір 2025
-
19:41, 28 сәуір 2025
-
19:24, 28 сәуір 2025
-
22:16, 28 сәуір 2025
-
19:34, 28 сәуір 2025
-
18:56, 28 сәуір 2025
-
18:51, 28 сәуір 2025
-
18:08, 28 сәуір 2025
-
18:37, 28 сәуір 2025
-
09:45, 29 сәуір 2025
-
22:03, 28 сәуір 2025
-
17:50, 28 сәуір 2025
-
20:31, 28 сәуір 2025
-
23:03, 28 сәуір 2025
-
21:34, 28 сәуір 2025