Қостанайда көшеде тыр жалаңаш жүгірген ер адам полицияға жеткізілді
© Сурет: Zakon.kz
Қостанайда тыр жалаңаш көшеде жүгірген ер адам айналадағы адамдарды шошытты. Қалада "киімсіз марафон" ұйымдастырған 19 жастағы жігітті полицейлер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшедегі жалаңаш еркектің әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпке өрескел селкеу түсірген.
Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ.
"Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды. Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды", делінген полиция хабарламасында.
Жалаңаш жігіт уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.
Бұған дейін Қостанай облысында полицейлер қалааралық автобус жүргізушісіне айыппұл салғанын хабарлаған едік. Ол автобус ішін өз бетімен өзгертіп, заңмен рұқсат етілмеген конструкциялар орнатқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 12 сәуір 2026
Қазақстандағы ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды
-
09:42, 12 сәуір 2026
Путинцева Қазақстанға Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алып берді
-
17:49, 11 сәуір 2026
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
-
17:27, 11 сәуір 2026
Қазақстанда 12 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі
-
16:56, 11 сәуір 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды





