Қостанайда кене инфекциясына қарсы сақтық шаралары баяндалды

11:48, 4 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Санэпидбақылау департаментінің мәліметі бойынша, Қостанай облысындағы кене инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы деп сипатталды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

kstnews.kz дерегінше, Қостанай облысы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып табылмайды. Бұл ретте, соңғы екі жылда бұл аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Дегенмен, табиғат аясында сақтық шараларын сақтау маңызды. Мәселен, ашық түстегі жабық киім кию, жейдені шалбарға ышқырлау, шұлықты шалбардың үстіне шығарып кию, мәселенің алдын алуы мүмкін.

Мұнымен қоса, бас киімді де ұмытпаған жөн.

Бұған дейін Астанада кеміргіштермен күрес басталғаны жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!