Қостанайда балабақша ішінде тәрбиешіні ер адам пышақтап тастады
Қостанайда балабақшада мас адам әйелін пышақтап тастады. Қызғаныштан көзі тұнған ол сүйіктісіне пышақты 22 рет сілтеген, деп хабарлайды zakon.kz Алау басылымына сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні Қостанай қаласы маңында тұратын ер адам өзімен бірге тұрып жатқан әйелін қызғанып, оны сұрақ-жауапқа алу үшін жергілікті балабақшаға тартады.
- Отбасылық өзара жанжал кезінде қызғаныштан көзі тұнған ер адам әйелдің бетінен жұдырығымен бір қойып, артынан пышақ сілтеген. Пышақ басына, кеудесіне, қарнына, мойнына, иығына кем дегенде 22 рет сілтелген, кеудесінен де ауыр соққы алған, - деді прокурор Амангелді Рахметжанов.
Белгілі болғандай, қылмыскер-жылқышы пышақты әрдайым өзімен бірге алып жүреді, өйткені ол мал союға арналған жұмыс құралы болған. 32 жастағы әйел көптеген жарақат пен қабырғаларының сынғанына қарамастан аман қалды. Куәгерлер адуынды ер адамға тосқауыл бола алған. Қазір ер адамға "кісі өлтіруге оқталу" деген айып тағылды.
Әйел сотталушымен 11 жыл бірге өмір сүрген, ортақ бір баласы бар.
Қылмыс балалар ойын бөлмесінің аумағында болған, ол уақытта бүлдіршідер басқа қабатта ұйықтап жатқан.
Ол сүйікті әйелінің сөйлесуге шығуын өтінгенде шықпай қойғаны үшін қатты ренжіген, бірақ ол оны қатты ұрмадым дейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады