Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі әйелді қағып кетті
© Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Қостанай облысының Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккен әйел қалалық травмпунктке жеткізілді. Ал жүргізуші оқиға орнында қалған. Almaty.TV дерегінше, кейін ол мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілген.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ақпаратта.
Жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаеваның айтуынша, әйелге алғашқы көмек оқиға орнында көрсетілген, кейін ол Рудный қалалық ауруханасының травмпунктіне жеткізілген.
Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 6 мамыр 2026
Қазақстан бензин мен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты
-
13:47, 6 мамыр 2026
Алматыда «Княжичи» ерлер хорының Жеңіс күніне арналған концерті өтеді
-
13:40, 6 мамыр 2026
Президент ҰОС ардагері Кенжебай Мәденовтің ұлына «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденін табыс етті
-
13:32, 6 мамыр 2026
Қазақстанда таксидегі қауіпсіздік күшейтілді
-
13:23, 6 мамыр 2026
Юлия Путинцева Рим турнирінде жарыс жолын бастайды





