Қостанай облысында 6 ауыл екі айдан бері жарықсыз отыр
© Сурет: pixabay
Қостанай облысында 6 ауылда екі айдан бері жарық жоқ. Тұрғындар генераторлар пайдаланып отыр. Оның өзі бірнеше үйге біреуден берілген және пайдалану уақыты шектеулі.
Жалпы тасқын басталғанда облыс аумағында мыңға тарта баған құлап, 37 елдімекен жарықсыз қалған. Олардың дені біртендеп электр желісіне қосылды.
Қалған алты ауылға жарық беруге мамандар желі өтетін жерде судың құрғамауы себеп, дейді. Соған қарамастан, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Соңғы күндері облыстың оңтүстік өңіріне 120 баған жеткізілген.
"Біріншіден су. Оның сыртында жердің өзі сазды батпақ. Кей жерлерден жол талғамайтын көлік, тіпті К-700 тракторы да өте алмайды. Бірақ біз бұл қиындықтың бәрін еңсеруге тырысамыз. Ауыр болса да жұмыс жүріп жатыр. Енді бір айдың көлемінде барлық елдімекенге жарық беріп боламыз деп ойлаймын." Аслан Орынбасаров Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





