Қостанай билігі жергілікті халықты дүрлікпеуге шақырды

10:39, 23 шілде 2019

Қостанайда 23 шілденің бірінші жартысында облыстық лаңкестікпен күрес жөніндегі шұғыл іс-қимыл штабы жоспар бойынша лаңкестікке қарсы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаттығу орын алуы ықтимал лакестік актілердің алдын алу, сондай-ақ осы бағыттағы тиісті мекемелер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыруды көздейді.

- Осы себепті Чкалов пен Волынов көшелері, сондай-ақ Абай даңғылының іргелес бөлігінде (2-ші подъем" автобус аялдамасы мен "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесі аумағында) көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жолдар жабылады. Осындай уақытша ыңғайсыздықтарға қала қонақтары мен тұрғындарына түсіністікпен қарап, сабырлы болуға шақырамыз. Одан соң тек ресми ақпаратқа сүйенулерін сұраймыз, - делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!