Көшеге шығып не керек? Елде онлайн-митинг енгізу ұсынылды

15:54, 17 ақпан 2020

Алматыда қызық идея айтылды. Бейбіт митингтерді онлайн арқылы өткізе салу ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Әлеуметтік желілер үлкен рөл ойнайтын болып кетті. Сондықтан бейбіт митинг өткізу тәртібі туралы заңға әлеуметтік желілер енгізілсе дейміз. Онда онлайн-митингтер, онлайн-сауалнамалар өткізіп, билікке талап-тілектерді жеткізуге болар еді. Халықтың алаңға жиналуына жеткізбей-ақ. Халық өз талабын интернетте онлайн-митинг арқылы да жеткізе алады, - деді қоғам белсендісі Болат Жұматаев.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсынысты қабыл алды.

- Бұл керемет идея. Бұл ұсынысты мұқият зерделейміз. Логика бар бұл идеяда. Қарастырамыз. Бірақ онлайн митингтер, сауалнамалар "еститін мемлекет" тұжырымы аясында жасалады. Бәрі онлайн болса, несі бар, ең бастысы үніңнің естілгені оған сәйкес реакцияның болғаны, - деп атап өтті Дәурен Абаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!