Коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлер 1 млн теңгеден аса жалақы алады

17:40, 30 наурыз 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғары жалақымен коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлер үш айы бойына үш топқа бөліп қамсыздандырылады.

Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі:

"Қауіптілігі аса жоғары" — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) - 850 мың теңге).
"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды.
"Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ (212,5 мың теңге) құрайды.

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды.

Отырыс барысында әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар мен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмысынан уақытша айырылған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударылды.

"Мұқтаж азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте көмекті тағайындау тетігі тұрғындар үшін барынша қарапайым әрі қолайлы болуы тиіс", — деді А. Мамин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!