Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы неге төленбей жатқандығы айтылды

16:08, 6 сәуір 2020

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова науқастардан коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне неліктен өтемақы төленбегенін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күнге ешқандай төлем жасалған жоқ. Нормативтік актінің жобасы әзірленді, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында бірлескен бұйрық жасалды, онда коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде ауру жұқтырған медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібі қарастырылған, - деді Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында.

Айта кетелік, Президент медицина қызметкерлерінің жалақысын қауіптілік санатына байланысты көтеруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын науқастан жұқтырып алған медицина саласы қызметкеріне 2 миллион теңге, ал одан қайтыс болған жағдайда - 10 миллион теңге өтемақы төленеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!