Коронавирус азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы мүмкін бе – маман кеңесі

12:07, 8 сәуір 2020

Вирустар азық-түлік қаптамаларында бірнеше күн өмір сүруі мүмкін. Бұл туралы пульмонолог-дәрігер Сюзанна Хуггетт айтып берді, деп хабарлайды "Хабар-24" Bild басылымына сілтеме жасап.

Басылым вирустың әртүрлі қаптамада қанша уақыт өмір сүретіні туралы мысал келтіреді.

Пластик: коронавирус мұндай қаптамада 72 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.

Қағаз, картон: мұндай қораптарда коронавирус 24 сағатқа дейін өмір сүреді.

Мұздатылған өнімдер: коронавирус суықтан өлмейді, сондықтан вирус түскен тоңазытқыштағы өнімдер ұзақ уақытқа дейін қауіпті болуы мүмкін.

Көкөністер мен жемістер: зерттеулерге сәйкес, вирус көкөністер мен жемістердің сыртқы қабығында бірнеше сағат сақталады. Дәрігер үйге келген соң дүкеннен әкелінген азық-түлік қораптарын тазартуға кеңес берді.

"Иммунитеті төмен адамдар тауарлардың қаптамалары арқылы вирусты жұқтыруы мүмкін", - дейді Хуггетт.

Сонымен бірге сарапшы қаптамаларды қалай залалсыздандыру керек екені туралы кеңес берді.

Қағаз қаптамалар: сатып алғаннан кейін тағамның қамтамасын алып тастау мүмкін болмаса, оны таза ауа мен күн сәулесі түсетін жерге, мысалы балконға қоя тұру керек. Пластик қаптама: оны алып қоқысқа тастау керек немесе дезинфекциялық затпен мұқият жуған жөн. Қаптамасыз өнімдер: оларды жуу керек, негізінен қабығын алып тастаған дұрыс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!