Қорғаныс министрлігі сарбаздарға киік етінен жасалған консервілер берілмейтінін мәлімдеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында әскери қызметшілердің тамақтану рационына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер сарбаздардың мәзіріне киік етінен дайындалған консервілерді енгізу мүмкіндігі туралы сұрады.
"Қазіргі уақытта әскери бөлімдердің мәзірінде консервілер жоқ, сарбаздарға жаңа піскен ет беріледі. Киік етінен жасалған консервілерді рационға қосу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Құрғақ азық-түлік жиынтығының да арнайы бекітілген құрамы бар. Сондықтан оған да мұндай өнімдерді енгізу жоспарда жоқ", – деді Асқар Мұстабеков.
Оның айтуынша, бүгінде әскердегі тамақтану жүйесін жетілдіру бағытында пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Қазір 3-4 әскери бөлімде швед үстелі форматындағы тамақтану жүйесі енгізілуде. Мәзірде жеміс-жидектер де бар. Бұл жоба қосымша қаржыландыруды қажет етпейді, барлығы бекітілген бюджет аясында іске асырылып жатыр", – деді министрдің орынбасары.
Егер пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе, оны еліміздің өзге әскери бөлімдерінде де енгізу жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 17 маусым 2026
Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді
-
21:48, 17 маусым 2026
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:58, 17 маусым 2026
1 млрд теңгеге сатылып кеткен Ұлттық ұланның жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайынан ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды





