Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлерге 1 млрд теңге қарыз
© Сурет: видеодан кадр
Қорғаныс министрлігінің төңірегінде шу шықты. Ведомствоға қарасты ұйым сексеннен астам жеке компанияға 1 миллиард теңге қарыз болып шықты. Берешекті бірнеше айдан бері ала алмай жүргендер Нұрлан Ермекбаев отыратын ғимаратқа барып, ақшаны қайтаруды талап етті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі маңына 1 миллиард теңге алашағы бар 85 мердігер жиналды. Бас қосқаны сол еді, бірден полицейлер мен шенеуніктер жетіп келді.
Бірақ, жиналғандар өздерінің шерушілер емес, тендер жеңімпаздары екендіктерін полицейлерге түсіндірді. Сөйтті де, министрліктің "Әскери Құрылыс" атты еншілес компаниясы жасатарын жасатып алып, қаржысыз қалдырды дегенді айтты.
Ерлан Шілдебаев, кәсіпкер:
Біздің айтарымыз, мынау қарызды төлесін деп. "Әскери Құрылыс Астана" ЖШС бар, "Әскери Құрылыс" АҚ бар, біздің қарызды өтеп берсін. Бәріміз кредит алып, машинасын тігіп, квартирасын салып, өз қаражаттарына жұмыс жасады. Сол жұмыстың қаржысын күте алмай жатырмыз.
Қарулы күзеті бар, стратегиялық нысан маңына құжыныған жұртты көргенде Нұрлан Ермекбаевтың қоластындағылар да далаға шықты. Шенділер 1 миллиард теңге төңірегіндегі былыққа "Әскери Құрылыс" жанынан құрылған "Әскери Құрылыс Астана" атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегілер кінәлі екенін айтты. Қазір министрлік ішінде тергеп-тексеру де басталыпты.
Мұхамеджан Таласов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
К сожалению, уже моменты есть, что завышение цен. Правоохранительные органы разберутся. Но есть моменты, когда ценообразование порядка 10 раз завышены.
Нұрлан Ермекбаевтың орынбасары мердігерлер қалайда ақшаларын алады дейді. Бірақ, ол үшін уақыт керек. Сондай-ақ Мұхамеджан Таласов "Әскери Құрылыс Астана"-дағы проблема 2016 жылы басталғанын айтады. Компания соңғы төрт жылдан бері ішкі қаржылық проблемасын шешіп келіп, биыл тығырыққа тірелген. Мұны ұйымның су жаңа директоры да растады.
Қысқасы, 85 мердігер мыңнан аса жұмысшысына әзірге өз қалталарынан қаржы төлеп отыр. Араларында мүлдем ақшасыз қалып, нәпақасын ала алмағандардан қоқан-лоққы көріп отырғандар да бар екен. Тендерде жеңгендер, әсіресе, кірісті санайтын органдар есепшотты бұғаттап, қинап жатыр, дейді. Ал, министрліктегілердің жеке кәсіпті тексеруге мораторий болған соң, уақтылы "Әскери Құрылыс Астана"-ның қызметіне араласып, тексере алмадық, "сәл күте тұрыңыздардан" басқа айтары жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі
-
21:53, 3 желтоқсан 2024
Бейсембаев ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың қысқара бастағанын айтты
-
21:30, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
-
21:07, 3 желтоқсан 2024
Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті
-
20:49, 3 желтоқсан 2024
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды