Қорғаныс министрінің орынбасары Пәкістан елшісімен кездесті
© Сурет: МО РК
Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Ахмед Сирах Алматы қаласындағы Бітімгерлік даярлық орталығына барды. Онда пәкістандық әріптестері Қазақстандық бітімгерлер үшін жабдықтаған кітапхана салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Ахмед Сирахпен бітімгерлік даярлық шеңберіндегі бірлескен жобаларды және қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ-ның операцияларына қатысуын талқылап, Төтенше және Уәкілетті Елшіге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Генерал-майор Мұхамеджан Таласов бітімгерлік қызмет шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың артатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың қазанында қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық топ бітімгерлік даярлық орталығына сапармен келген еді. Сол кезде пәкістандық делегация кітапхананы жабдықтауға қолдау көрсетуге ниетті екенін айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады