Корея Республикасының елшісі ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Кездесу барысында Министр корей дипломатына Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы" мемлекеттік наградасын табыс етті", деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
М. Тілеуберді Ким Дэ Сикке Елші ретінде атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық қызметінде сәттілік тіледі.
Ким Дэ Сик Елші лауазымына 2017 жылғы сәуірде тағайындалды. Ол - 2019 жылғы сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған "Самал жел" жаңа экономикалық бағдарламасы бастамашыларының бірі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 25 қаңтар 2021
Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінде де зейнетақысын ала алады
-
10:07, 25 қаңтар 2021
Бізге әзірге Путиннің отыра бергені тиімді. Ресейді әбден ыдыратсын
-
10:02, 25 қаңтар 2021
COVID-19: Алматы қаласы "қызыл" аймаққа еніп кетті
-
09:56, 25 қаңтар 2021
Басы дауға қалған семейлік депутаттардың оқиғасы өз жалғасын табуда
-
09:44, 25 қаңтар 2021
Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды
Пікір