Корея президенті Тоқаевқа Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты
© Сурет: akorda.kz
Корея Республикасының Президенті бес жыл бұрын Кореяға халық қаһарманы, генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, корей халқы бұл ізгі істі ұмытпайды әрі жоғары бағалайды.
Ли Чжэ Мёң екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.
"Корея Республикасы мен Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұлттық мүдде мен нақты нәтижеге бағдарланған прагматикалық дипломатия ұстанады. Қазақстан – біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие. Біз өндіріске арналған озық цифрлық технологияларымыз арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзірміз. Халықаралық ахуал бұлыңғыр кезеңде елдеріміз күш-жігер мен әлеуеттерін біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Сондай-ақ өзара тиімді негізде экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуы қажет", – деді Корея Президенті.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-ЖомартТоқаев Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы туралы айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 15 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Корея 12 бағыт бойынша құжат алмасты
-
18:16, 15 қыркүйек 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райы бұзылады: 16 қыркүйекке арналған болжам
-
18:09, 15 қыркүйек 2026
Қазақстан 2028 жылы тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогын қабылдайды
-
17:53, 15 қыркүйек 2026
Ли Чжэ Мёң Тоқаевқа Хон Бом Доның сүйегін Кореяға қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты
-
17:51, 15 қыркүйек 2026
Тоқаев Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы туралы айтты





