Көптоғайдағы наразылықтан соң шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды

15:08, 19 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

Атырау облысындағы Көптоғай ауылында салынып жатқан шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды. Ауыл тұрғындары енді Қиғаш өзеніне бара алатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған Қиғаш өзені бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталғанын айтты.

13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір малды суару және егін суару үшін өзенге бару мүмкіндігі қарастырылды. Бұған ешқандай кедергі жоқ, - деді әкім.

Жергілікті халықтың дүрлігуі 14 сәуірде Көптоғай ауылы тұсында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салудан басталды.

- Бұған дейін шекаралық қоршау Қиғаш өзенінің саласы "Отыз бес" деп аталатын өзектің арғы тұсында болатын. Бұл өзек ауылға жақын орналасқан. Енді келіп ол қоршауды өзектің бергі жағына шығарып, ауылдың іргесінен бір шығарды. Ауыл тек малмен күнелтеді. Ауыз су сағатпен беріледі. Біз сол өзектің суын ауыз су ретінде де, малға да пайдаланатынбыз. Бұл шекаралық белгіні неге жылжытты. Соған түсінбей далмыз. Неге бізге алдын ала айтпайды. Біз енді қалай күнелтеміз, ауыз суды қайдан тасимыз, мал қайдан су ішеді? Малға да сенім жоқ, шекарадан өтіп кетсе, шекараны бұзу болып табыла ма? - дейді Көптоғай ауылының тұрғындары.

Бұл жағдайға қатысты ҰҚК шекара қызметі мәлімдеме жасады. Олар 2013 жылдың мамыр айында екі шекара белгісі арасына орнатылған қоршаулар Ресей Федерациясының аумағына 10-70 метрге еніп кеткенін, осыған байланысты Көптоғай ауылында инженерлік жұмыстар жүргізілгенін айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!