Конор Макгрегордың жүрісін қайталаған қазақстандық бала желіні шулатты

09:48, 6 желтоқсан 2018

Желіде қазақстандық жас спортшының қызықты видеосы пайда болды. Ол жеңісінен кейін аралас жекпе-жек жұлдызы Конор Макгрегордың жүрісін қайталады, деп жазады Stan.kz.

Жас палуан грек-рим күресі бойынша республикалық сайысқа қатысып, айқастың бірінде жеңіске жеткен. Осыдан кейін ол өзінің кумирі Конор Макргрегордың жүрісін қайталап, залды айналып жүрді. Сайыста болғандардың бірі оны видеоға түсіріп алып, желіде жариялады.

Еске сала кетсек, Конор Макгрегор 7 қазанда Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өткен айқаста жеңіліп қалған еді. Оны ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов 4-раундта тұншықтырып жеңді. Осылайша, Нұрмағамедов UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы атағын сақтап қалды. Ал Макгрегор реваншты талап еткенімен, ресейлік спортшы қарымта кездесуден бас тартты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!