Көкшетаудағы зауыт ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды арттырды
Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт өнім түрлерін еселемек. Ол үшін өндіріс ошағы – Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік байланыс орнатқан. Институт зауытқа сынақтан өткен техниканың ресми құжаттарын береді. Ал кәсіпорын оларды өндіріске қосады.
Көкшетау қаласының іргесінен былтыр ғана пайда болған бұл зауыттың жұмысы қазір қарқын алып келеді. Бүгінде мұнда шөп шапқыш, шөп жинағыш және тіркеме секілді бас-аяғы 8 түрлі техника шығарылып жатыр. Оған енді топырақ өңдейтін және мал азығын дайындайтын тағы 6 техника қосылады.
Олег Балыбин, зауыттың бас директоры:
-Қазір біз техниканың қосалқы бөлшектерін де өзімізде шығаруға тырысып жатырмыз. Ал жаңағы 6 техника келесі жылдан бастап өндіріліп, сатылымға шыға бастайды. Бізге мемлекет субсидия беріп отыр. Сол себепті алдағы уақытта техникамызды үстемесі 5 пайыздық лизингке береміз.
Аз ғана уақыт ішінде кәсіпорын еліміздің түкпір-түкпірінен өкілдіктерін ашып үлгіріпті. Яғни кез келген қазақстандық шаруаға Көкшетаудың техникасы қолжетімді болмақ. Зауыт қазір жылына 250 бірлік техника шығарып отырса, келесі жылдан бастап, 600 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Ал жүйелі жұмыс істей алатын осындай өндіріс ошақтарына мемлекет те көмегін аямайды.
Бақыт Ілиясов, ҚР АШМ басқарма басшысы:
-Осы зауытқа жеңілдетілген кредит берілейін деп жатыр. Ол кредитке бұл зауыт, жаңа станоктар алады, жұмыс орны кеңейтіледі. Жалпы өндірісті көбейтіп, техника шығарады.
Жалпы зауыттың жоспарында 30 түрлі техника құрастыру межесі тұр. Ал бұл жұмыстарға әзірге 30 адам жұмылдырылған.
Дамир Берікұлы, тілші:
-Келесі жылдан бастап, кәсіпорын өндіріс аумағын одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Ол үшін осы зауыттың жанынан тағы бірнеше өндіріс алаңдары салынады. Ал бұл жобалар жүзеге асқан кезде жұмысшылардың қатары 200-ден асады деген жоспар бар.
Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





