Көкшетауда салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үй сүрілетін болды

17:55, 9 қыркүйек 2026
MKZ: 1565999

© Фото: zakon.kz

Көкшетауда жаңадан салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйді сүру туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МАСҚБ) сотқа осындай талап арызбен жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы МАЭС-тің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (МАСҚБ) салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйді бұзу туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот алқасы және бірінші сатыдағы сот ЖШС Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқанын анықтады.

Прокуратура құрылыс жұмыстары рұқсат беретін құжаттарсыз жүргізіліп жатқанын анықтап, МАСҚБ атына ұсыныс енгізген.

2026 жылдың мамырында ЖШС МАСҚБ-ны хабардар етпей, сараптамадан өтпеген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) бойынша құрылыс жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 463-бабының 1-бөлігі). Сонымен қатар, МАСҚБ ЖШС-ға нысанды бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Бірінші сатыдағы сот МАСҚБ-ның талап қоюын қанағаттандырып, құрылыс жұмыстары "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заң талаптарын бұза отырып жүргізіліп жатқанын анықтады. Атап айтқанда, құрылыс сараптамадан өтпеген ЖСҚ бойынша жүргізілген, нысанға техникалық және авторлық қадағалау жүргізілмеген, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы МАСҚБ-ға хабарлама берілмеген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.

Сонымен бірге, сот алқасы МАСҚБ-ның тексеру жүргізетіні туралы хабарламаны алудан жалтарған ЖШС-ің әрекеттерінен жосықсыздықты байқады. Бұдан бөлек, МАСҚБ-ның сотқа талап коюмен жүгінгенінен кейін де ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жалғастырып, салынып жатқан нысандағы пәтерлерді сату үшін үлескерлермен алдын ала шарттар жасасқан.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Айта кетсек, Алматыда жыл басынан бері заңсыз салынған 41 нысан сүрілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!