Көкшетау тауындағы өрт оқшауланды

12:46, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

Төтеншеліктер "Көкшетау" тауындағы өртпен әлі алысып жатыр. Өрт оқшауланғанымен, толығымен әлі ауыздықталған жоқ. ҚР ТЖМ таулы жердегі жалынмен күресудің бірқатар қиындығы бар екендігін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 11: 13-тегі жағдай. Бурабай МҰТП аумағында "Көкшетау" тауындағы өрт оқшауланды. Өрт шалған аумақтың алдын ала көлемі 0,03 гектарды (300 ш. м.) құрайды.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және "Бурабай" МҰТП-ның 70 қызметкері жұмылдырылды. "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағынан 12 рет су себілді (36 тонна). Оттың таралу қаупі жойылды және зардап шеккендер жоқ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!