«Көкшетау-1» станциясының бастығы да пара алып қойған сияқты

16:22, 15 қаңтар 2020

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ" ҰК" АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің "Көкшетау-1" станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!