Көкпардан Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

13:31, 12 қыркүйек 2024

© Сурет: Instargam/worldnomadgames2024

12 қыркүйекте Астанада ақтық көкпар жарысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты.

Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды.

Үзілстен кейін "алтын салым" салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды.

Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Қазақстан көкпаршылары бесінші көшпенділер ойындарында жеңіске сенімді түрде жетті. Осылайша, олар АҚШ ковбойларын екі рет жеңді. Ал бір күн бұрын Ресей құрамасын жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!