Қоғам белсендісі Түркістан облысында 2,2 млрд теңгеге салынған бөгетті таппай қалды – шенділер не дейді

17:55, 19 сәуір 2024

© Сурет: Facebook/Дидар Смагулов

"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) атқарушы директоры Дидар Смағұлов Түркістан облысында 2021 жылдың соңында 2,2 млрд теңге жұмсалған бөгетті таппай қалып, айран-асыр болып желіде жазба жариялады. Жазба жергілікті биліктің назарын аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дидар Смағұлов 2,2 млрд теңгеге жасалған бөгеттің орнына өз аяғымен барып, бірақ оны таппай қалған. Бұл туралы қоғам белсендісі 2024 жылдың 18 сәуірінде Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Мына арадан биіктігі 2,5 метр бөгетті көріп тұрсыздар ма? Жоқ? Бірақ ол құжаттар бойынша осы арада тұр. Онда да ұзындығы - 40 км. Оған Түркістан облысы 2021 жылдың соңында 2,2 млрд теңге қаражат жұмсаған. Оны 2022 жылы бір рет сынап көрген, шайылған, одан кейін бөгет пайдаланылмаған. Енді кепілдік мерзім қашан аяқталады деп тыныш күтіп отыр, қалай ә", - деп жазды "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры өз жазбасына жанына бірнеше суреттерді де қыстыра отырып.

Қоғам белсендісінің айтуынша, "Әділдік жолы" РҚБ "екі жыл ішінде түрлі бөгеттерге, арналарға және жағалау бекіністеріне 97 млрд теңге жұмсалды" деп мәлімдегенде көптеген журналист таң қалып, оған қоңырау шалған.

Бөгет, Дидар Смағұлов, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:55

Сурет: Facebook/Дидар Смагулов

"Бұл сатып алу (Түркістан облысындағы бөгет құрылысы) оған енбей де қалған, өйткені ол бұрынырақ салынған және барлығын мүмкіндігінше жасыру үшін құжатта ол тұрғын емес үй-жайлардың құрылысы ретінде көрсетілген. Бірақ Түркістанда қазіргі басшылықпен бұл ретте қандай да бір алға жылжу болатынына күмәнім бар: өйткені қазір бөгетті ГАСК тексереді, яғни әкімдіктің қарамағындағы мекеме. Олар бұзушылықтарды табады деп ойлайсыз ба (өз қолын өзі шабады ма)?"- деп сөзін қорытындылайды Дидар Смағұлов.

Түркістан облысы Құрылыс басқармасының ақпараты бойынша, бұл арада Шошқакөлдің көлдер жүйесіндегі іс-шаралар кешенінің құрылысы туралы сөз болып отыр екен.

"Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, бөгеттің биіктігі жер бедерінің ерекшелігіне сәйкес, 0,5-2,5 метрді құрайды. Салынған бөгеттің ұзындығы - 38 км. Жобаға сәйкес, Шошқакөл көлдер жүйесінде жалпы ұзындығы 38 шақырымды қамтитын автоматты түрде су айдайтын қорғаныс-қоршау бөгетінің құрылысы, сондай-ақ көлбеу бөлігін арнайы таспен нығайта отырып, топырақ төгу көзделген", - деді Zakon.kz тілшісіне бүгін, 19 сәуірде Түркістан облысының Құрылыс басқармасы биыл түсірілген фотосуреттерді ұсына отырып.

Бөгет, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:55

Сурет: Түркістан облысы Құрылыс басқармасы

Бөгет, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:55

Сурет: Түркістан облысы Құрылыс басқармасы

Басқармадағылар Шошқакөл көлдер жүйесінде іс-шаралар кешенінің құрылысы 2020-2021 жылдары іске асырылғаны нақтылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 2,1 млрд теңгені құрады. Нысан 2021 жылдың желтоқсанында салынып бітіп, пайдалануға берілді.

Шошқакөл көлдер жүйесі, бөгет, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:55

Сурет: Түркістан облысы Құрылыс басқармасы

"Шошқакөл көлдер жүйесі нысан пайдалануға берілген сәттен бастап жұмыс істеп келеді. Аталған су акваториясында 2022 жылы 275 млн текше метр су жиналды, 2023 жылы – 355 млн текше метр. 2024 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша, 455 млн текше метр жиналды... Бұл жоба 2019-2020 жылдары су тасқыны болған Сауран, Отырар аудандарының аумақтарын су басуына жол бермейді", - деп сендіреді Түркістан облысының құрылыс басқармасы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!