Киімі тұтанып, бірі есінен танып қалған: Алматыдағы тұрғын үй кешені аумағында екі электрикті тоқ соқты

19:30, 22 мамыр 2025

© Сурет: pixabay

Алматыдағы тұрғын үй кешені аумағында жөндеу жұмыстары кезінде екі электрик тоқ соғып, жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендердің киімі тұтанып кеткен, содан кейін олардың бірі есінен танып қалған.

Zakon.kz редакциясы бұл жайтқа байланысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсінік сұрады.

"Тұрғын үй кешені аумағында тоқ соққан жеке сервистік компанияның екі қызметкеріне қатысты оқиға бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!