Кезінде шешесі қырғыз әйелге беріп жіберген қазақ баласы Отанына орала алмай жүр

11:12, 9 желтоқсан 2019

Қазақстанның тумасы Асылбек Құндызбаев Ыстықкөл облысының Жеті-Оғыз ауданында 20 жылдан астам уақыт тұрып келеді, деп жазады Turmush.

Басылымға берген сұқбатында 30 жастағы жігіт 9 жасында Павлодар облысынан Оргочор ауылына келіп, содан қалып қойғанын айтқан. Ол өз Отанына ешқандай құжаты болмағандықтан жете алмай жүргенін айтқан.

- Төрт жасымда ата-анам ажырасып кетті. Анам жалданып, түрлі жұмыспен айналысты. Мені балалар үйіне өткізді, одан қашып кеттім. Көп ұзамай анам мені көрші келіншектің шешесінің қолына ұстатып жіберді. Түсініктеме жазып берген, 10 жыл сенің қолында тұрсын деп. Өстіп Қырғызстанға келіп, тоғыз баласы бар отбасында өмір сүре бастадым, - дейді Асылбек.

Ол мектепке бармаған. Құжатының жоқтығынан, сол себепті де қазір ешқайда шыға алмайды.

- Мені өсірген Бүкөш апа - 95 жаста. Қазір Қырғызстанға келіп, паналаған отбасымның малын бағып жүрмін. Әрине, Отаныма барғым келеді, Әділбек, Айбек деген егіздерім бар, соларды көргім келеді. 21 жыл Қырғыз елінде тұрғандықтан осы жақтың азаматтығын алғым келеді. Бірақ мен құжаттарды қалай алу керектігін білмеймін, - дейді Құндызбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!