Келісімсіз өткен екі жыл: Қазақстан мұнай өнімдері үшін баж төледі ме?
© Фото: pexels
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстанның мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі хаттаманы неліктен екі жылдан кейін ратификациялағанын және осы уақыт ішінде кедендік баж төлеуге тура келген-келмегенін түсіндірді,деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутат Сергей Пономарев Қазақстанның мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі хаттаманы келісімнің қолданысы тоқтағаннан кейін екі жыл өткен соң ратификациялау себебін сұрады. Сондай-ақ осы кезеңде қазақстандық компаниялардың қанша кедендік баж төлегенін білгісі келді.
"Біз кедендік баж ретінде бір теңге де, бір рубль де төлеген жоқпыз. Ратификацияның кешігуі мемлекетішілік рәсімдерден өтуге және елімізде, соның ішінде заң шығарушы органда болған өзгерістерге байланысты. Осыған байланысты бұл үдеріс ұзаққа созылды. Бірақ хаттаманың кері күші бар екенін, яғни оның бұрынғы кезеңге де қолданылатынын айтқым келеді. Осы хаттама аясында бұрын болған және туындаған барлық қатынастар осы келісіммен реттеледі. Сондықтан Қазақстан басқа елдердің бюджетіне бір теңге де баж төлеген жоқ", – деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімнің қолданысын қайта жалғастыратын хаттаманы ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 7 қазан 2026
Қазақстандықтарға тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасы нақтыланды
-
14:11, 7 қазан 2026
3,7 млрд теңге залал: ҰҚК сыбайлас жемқорлық істері бойынша мәлімет жариялады
-
14:08, 7 қазан 2026
«Рахмонов оны тас-талқан етеді»: АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе-жекке болжам жасады
-
14:00, 7 қазан 2026
Өзгенің өніміне логотип жапсырған: Asar Baspana ұйымдастырушылары қалай алдаған
-
13:51, 7 қазан 2026
Сауд Арабиясындағы әлемдегі ең биік стадион құрылысын тоқтатты





