Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
© Сурет: pexels
Бас прокуратура мен ҰӨК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Испаниядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Барселонадан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактіcі бойынша күдікке ілінген ел азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы сегіз автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдікке ілінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.
Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейін Алматының элиталы ауданынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне пәтер берілгені-берілмегеніне қатысты ІІМ-нің берген ресми түсініктемесін жариялаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 10 наурыз 2026
Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады
-
22:30, 10 наурыз 2026
11 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:56, 10 наурыз 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
-
21:09, 10 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
-
20:58, 10 наурыз 2026
11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды





