«Қазгидромет» үш қала тұрғындарына ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 22 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 22 қазанда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ауа температурасы –3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүретінін, көктайғақ пен бұрқасын болатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:17, 22 қазан 2026
Теміржолдың өткізу мүмкіндігі шектелген кезде жүктерді тасымалдау кезектілігі бекітілді
-
10:04, 22 қазан 2026
Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды
-
09:57, 22 қазан 2026
Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды
-
09:45, 22 қазан 2026
Құжатта – мыс, құрамында – алтын: кенді заңсыз әкету схемасы әшкереленді
-
09:36, 22 қазан 2026
Ипотека бойынша ерекше шарттар ұсынады: қазақстандықтарға жаңа айла туралы ескертілді





