Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде екі баланың қаза болуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға газ иісіне улану себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу туралы бабымен саралаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге газдан улану себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері.
Жергілікті "Otyrar" телеарнасының сайты хабарлағандай, қайғылы оқиға "Восток" шағынауданындағы бес қабатты үйдің пәтерінде болған. Қаза тапқандардың бірі – төрт жастағы ұл бала, екіншісі – 15 жастағы қыз.
Бұдан бөлек, оқиға салдарынан тағы үш адам зардап шегіп, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 22 қазан 2026
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты
-
11:17, 22 қазан 2026
Маңғыстауда ірі қарыз дауы бітімгершілікпен аяқталды
-
11:08, 22 қазан 2026
Қазақстандықтарға несие қарызын реттеу жолдары түсіндірілді
-
10:56, 22 қазан 2026
Алматыға кіреберістегі шектеулер: жеті автобус бағдарының жүру сызбасы өзгерді
-
10:44, 22 қазан 2026
Қарағандыда қатарынан төрт көлік соқтығысты





