Құрасбек Сәдібеков Алматының Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

18:36, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566401

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрасбек Сәдібеков 1989 жылы 28 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Манчестер университетін (Ұлыбритания) "Халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.

2013-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2014-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Ташкент қаласындағы Елшілігінде үшінші хатшы ретінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2022 жылы қазаннан 2025 жылы қаңтарға дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2025 жылы қаңтардан мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде инспектор қызметін атқарды.

2025 жылы мамырдан бастап Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!